banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары Халықаралық Менделеев олимпиадасында топ жарды

news
23 сәуір 2026 |
280

Мәскеуде 15–23 сәуір аралығында өткен Халықаралық Менделеев химия олимпиадасы (IMChO) дарынды жас химиктердің мықтыларын анықтады.

Бұл зияткерлік дода жыл сайын химия саласында терең білімін, аналитикалық ойлау қабілетін және тәжірибелік дағдыларын көрсететін дарынды оқушылардың басын қосады.

Менделеев олимпиадасы – мектеп оқушыларына арналған химия бағытындағы әлемдегі ең беделді байқаулардың бірі. Білім додасының халықаралық мәртебесін ЮНЕСКО ресми түрде мойындаған. Биылғы олимпиадаға Қазақстан, Сауд Арабиясы, Шри-Ланка, Солтүстік Македония, Израиль, Түркия, Әзірбайжан, Иордания, Коста-Рика, Таиланд, Мысыр, Өзбекстан, Куба, Чад Республикасы, Моңғолия, Түрікменстан, Бразилия, Армения, Тәжікстан, Камерун, Бангладеш, Вьетнам, Ботсвана, Нигерия, Беларусь және Қытайды қоса алғанда, 37 елден 200-ге жуық оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

II орын

Айзере Жеңісханова – Өскемен қаласындағы NIS

III орын

Алидар Айтжанов – Қарағанды қаласындағы NIS

Әбілмансұр Қали – Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS

Менделеев олимпиадасы дарынды оқушыларды қолдап, химия саласына деген қызығушылықты арттыруға және елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-