Жаңалықтар
NIS оқушылары республикалық олимпиадада тағы да үздіктер қатарынан көрінді
Петропавл қаласында ағылшын, неміс және француз тілдері пәндері бойынша республикалық олимпиада қорытындыланды. Олимпиадаға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам оқушы қатысып, тілдік дайындықтарының жоғары деңгейін, аналитикалық ойлау және коммуникативтік дағдыларын көрсетті.
Олимпиада шет тілдерін меңгеру құзыреттерін дамытуға, дарынды оқушыларды қолдауға және жаһандану жағдайында шет тілдерін оқуға қызығушылықты арттыруға бағытталған.
Олимпиада қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, келесі орындарға ие болды:
Ағылшын тілі
2-орын
Аяулым Аманшиева – NIS Ақтөбе
Арайлым Төреш – NIS Атырау
3-орын
Кәусар Саутбаева – NIS Астана-Нұра
Неміс тілі
3-орын
Рустем Нагаев – NIS Астана
Бауыржан Сейтжапбар – NIS Алматы-Наурызбай
Жібек Русланқызы – NIS Алматы-Наурызбай
Арманжан Болтанов – NIS Қарағанды
Алғыс хат
Айжан Айбек – NIS Қызылорда