banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары Тимур Турловпен кездесті

news
09 қазан 2026 |
21

Бүгін Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы әрі бас атқарушы директоры, Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті Тимур Турлов Алматы қаласының Медеу ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде болды.

Танымал қаржыгер республикалық және халықаралық пәндік олимпиадалар мен шахмат жарыстарының жеңімпаздарымен, робототехника саласында жетістікке жеткен зияткерлермен жүздесті. Оқушылар ғылыми-зерттеу және инженерлік жобаларын ұсынып, өз әзірлемелері туралы баяндады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин NIS-тің білім беру моделін, жинақталған тәжірибені еліміздің өзге мектептеріне тарату жұмыстарын және стратегиялық даму бағыттарын таныстырды. Оқушылардың академиялық білімін тұлғалық тәрбиемен ұштастыратын «Адал азамат» біртұтас даму тұжырымдамасына да ерекше мән берілді. Сондай-ақ тараптар адами капиталды дамыту, дарынды жастарды қолдау және ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Кездесу жоғары сынып оқушыларымен ашық диалогқа ұласты. Әңгіме барысында мамандық таңдау, кәсіпкерлік, көшбасшылық, тәуекел мен сәтсіздіктен сабақ алу, сондай-ақ жасанды интеллект дәуіріндегі жаңа мүмкіндіктер сөз болды. Зияткерлер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, кәсіпкердің өмірлік және кәсіби тәжірибесінен түйген ойларын тыңдады.

Бұл жүздесу шәкірттердің таным көкжиегін кеңейтіп, болашақ кәсіби жолына қатысты жаңа көзқарастар қалыптастыруына мүмкіндік берді. Осындай бастамалар – оқушылардың әлеуетін ашуға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және кәсіби бағдарын айқындауға бағытталған NIS-тегі жүйелі тәрбие жұмысының маңызды бөлігі.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-