Жаңалықтар
NIS оқушылары Тараздағы республикалық олимпиадада 8 жүлде иеленді
Тараз қаласында Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша өткен республикалық олимпиада қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.
Дарынды оқушыларды анықтауға және олардың ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға бағытталған зияткерлік сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен 267 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медаль иеленді.
Қатысушылар әдеби шығармаларды талдау, тарихи деректерді сараптау және тілдік құзыреттілікті тиімді қолдану бағыттары бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті.
Қазақстан тарихы:
2-орын:
Даниал Клышев – NIS Қостанай
3-орын:
Аслан Омаров – NIS Астана–Нұра
Қазақ тілі мен әдебиеті:
3-орын:
Алуа Медеубай – NIS Шымкент–Қаратау
Жанар Құматай – NIS Өскемен
Грамота:
Әсемай Маршак – NIS Ақтау
Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті:
1-орын:
Нигора Жұмадуллаева – NIS Түркістан
2-орын:
Гаухар Абдрахманова – NIS Түркістан
Лейла Ерматова – NIS Түркістан
3-орын:
Феруза Рустамханова – NIS Түркістан