banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары республикалық AI Olymp 2026 додасында 12 медаль жеңіп алды

news
14 сәуір 2026 |
129

Елордада жасанды интеллект, спорттық бағдарламалау және деректерді талдау бағыттарын қамтитын AI Olymp 2026 республикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Бұл зияткерлік сайыста Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шәкірттері жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль еншіледі.

Биылғы іріктеу бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар онлайн форматта білімдерін сынады. Кейін еліміздің барлық өңірінен іріктелген 40 үздік оқушы Астана қаласына шақырылып, екі күн бойы күрделі практикалық тапсырмаларды орындады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

1-орын

Қайсар Амангелдиев — NIS Тараз

2-орын

Батыр Ерденов — NIS Қарағанды

Сұлтанби Исатай — NIS Қарағанды

Жәнібек Қасымқан — NIS Талдықорған

Улугбек Османов — NIS Тараз

3-орын

Арнұр Артықбай — NIS Тараз

Исламнұр Хусаинов — NIS Тараз

Дінмұхаммед Ынтықбай — NIS Тараз

Алихан Бағланов — NIS Ақтөбе

Дамир Камалов — NIS Алматы-Медеу

Асанали Серікбек — NIS Павлодар

Алихан Әкім — NIS Шымкент-Абай

Айта кетейік, екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған олимпиада бүгінгі таңда дарынды оқушыларды анықтайтын және оларды халықаралық деңгейге дайындайтын негізгі ұлттық алаңдардың біріне айналып отыр.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-