Жаңалықтар
NIS оқушылары қаржылық сауаттылық олимпиадасында көш бастап тұр
Бүгін елордада 9–11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.
Қорытынды кезеңге еліміздің барлық өңірінен іріктелген 144 оқушы қатысты. Олар теориялық біліммен қатар, нақты қаржылық жағдайларды талдау және шешім қабылдау бойынша практикалық дағдыларын көрсетті.
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 8 алтын және 4 күміс медаль еншіледі. Бұл көрсеткіш NIS жүйесіндегі білім сапасының және оқушылардың практикалық дайындық деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
1-орын иегерлері:
Альтаир Жапаров – NIS Алматы-Медеу
Темірлан Қуанышбек – NIS Алматы-Медеу
Асан Темірбеков – NIS Алматы-Медеу
Ермұхаммед Ешанқұл – NIS Астана-Нұра
Батырхан Мұхтархан – NIS Астана-Нұра
Арнұр Махмұтжан – NIS Астана-Нұра
Артур Гауцель – NIS Қарағанды
Азамат Турашов – NIS Шымкент-Абай
2-орын иегерлері:
Нұрсұлтан Абдурахманов – NIS Ақтөбе
Ибрагим Боранбаев – NIS Павлодар
Жанасыл Ерназарулы – NIS Астана
Арсен Каирбай – NIS Астана
Айта кетейік, олимпиаданың негізгі мақсаты – қаржылық сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздік саласында терең білім, білік және дағдылары қалыптасқан дарынды оқушыларды анықтау, сондай-ақ жастар арасында қаржылық мәдениетті жүйелі түрде дамыту және насихаттау.
Білім байқауын Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.