Жаңалықтар
NIS оқушылары «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық байқауында 6 медаль иеленді
Астанада «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурс қорытындыланды. Байқау нәтижесінде Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль еншіледі.
Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы мен Түркия елдерінен 200-ге жуық оқушы қатысты.
Байқау үш негізгі бағытты қамтыды. AEROO Satellite Launch Competition (ASLC) секциясында қатысушылар наноспутниктерді құрастырып, оларды стратосфераға ұшыру бойынша білімдері мен тәжірибелерін сынады, ал AEROO Space AI Competition бағыты жасанды интеллект негізінде ғарыштық жобаларды әзірлеуге бағытталды, сондай-ақ AEROO Rocket Science Competition («Күн жүйесі») бағытында оқушылар су және модельдік зымырандарды жобалап, ұшыру дағдыларын көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
1-орын:
AEROO Space AI Competition секциясы
TRACE командасы – Бақтияр Аблаихан (NIS Астана –Нұра)
2-орын:
AEROO Satellite Launch Competition секциясы
Gagarin командасы – Адильбек Сарсембаев, Султан Давлетбаев (NIS Орал)
3-орын:
AEROO Satellite Launch Competition секциясы
Samruk командасы – Уали Берик, Арман Темирбулатов, Нуржан Құнакбаев, Арлан Таиров (NIS Алматы – Медеу)
AEROO Rocket Science Competition («Күн жүйесі»)
AeroMind командасы – Жанайым Досмұханбет, Кәусар Досмұханбет (NIS Түркістан)
AST-NIS-F1 командасы – Ерсұлтан Баяхмет, Мадияр Мұхит (NIS Астана – Нұра)
Samgau командасы – Қастай Нұрасыл, Бекасыл Салхутдин (NIS Шымкент – Абай)
Айта кетейік, байқаудың негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, жасөспірімдер арасында ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылықты арттыру, ғарыш саласындағы отандық және әлемдік жетістіктерді насихаттау, сондай-ақ халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.