banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары АҚШ-та өткен халықаралық ғарыш конференциясында ғылыми жобаларын таныстырды

news
17 маусым 2026 |
231

Алматы қаласы Медеу ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Маклейн қаласында өткен International Space Development Conference 2026 халықаралық конференциясында Қазақстан атынан ғылыми жобаларын таныстырды.

National Space Society ұйымдастыратын жыл сайынғы ISDC конференциясы – аэроғарыш саласындағы беделді халықаралық алаңдардың бірі. Жыл сайын бұл маңызды шараға 800-ден 1000-ға дейін қатысушы, оның ішінде 300–400 халықаралық делегат жиналады. Конференция әлемнің түрлі елдерінен келген зерттеушілер, инженерлер, сарапшылар мен ғарыш индустриясы өкілдерінің басын қосып, ғарыш саласындағы заманауи зерттеулер мен инновациялық идеяларды талқылауға мүмкіндік береді.

Конференция аясында NIS оқушылары екі ғылыми-инженерлік жоба ұсынды.

Icarus командасы «Baiterek» жобасы арқылы Юпитер жүйесінде орналасатын өзін-өзі қамтамасыз ете алатын ғарыш станциясының тұжырымдамасын таныстырды. Команда өткен жылы Space Settlement Contest байқауында күміс жүлдегер атанса, 2026 жылдың сәуір айында аталған конкурста бірінші орын иеленді.

Ал D-Platinum командасы «Promethius» жобасымен Space Settlement Contest байқауына биыл алғаш рет қатысып, үшінші орынға ие болды. Байқау қорытындысы бойынша оқушылар ISDC 2026 конференциясына шақырту алып, жасанды гравитациясы бар ғарыш станциясының тұжырымдамасын халықаралық сарапшылар назарына ұсынды.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-