banner

Жаңалықтар

NIS-тің 500-ден астам оқушысы Қазақстан өңірлерінің мәдени және табиғи мұрасын зерттеді

news
16 маусым 2026 |
328

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің дәстүрлі «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы өз мәресіне жетті. Биыл жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 514 оқушы қатысып, тарихи-мәдени мұраларды зерттеп, өндіріс орындары мен ғылыми-білім беру орталықтарының жұмысымен танысты.

Биыл «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы Астана, Ақтау, Көкшетау, Қызылорда, Өскемен және Шымкент қалаларындағы Зияткерлік мектептердің базасында өтті. Экспедиция барысында оқушылар өңірлердің тарихи-мәдени орындарын, табиғи нысандарын, өндірістік кәсіпорындарын және ғылыми-білім беру орталықтарын аралады.

Астанада қатысушылар жетекші университеттер мен ғылыми орталықтарды араласа, Ақтауда Каспий өңірінің табиғи және өндірістік ерекшеліктерімен танысты. Көкшетауда Бурабайдың табиғи мұрасы мен ғылыми зертханалар зерттелсе, Қызылордада оқушылар Қорқыт ата мемориалдық кешені мен көне Сауран қалашығына барды.

Шымкенттегі экспедициялар аясында зияткерлер Ақмешіт үңгірі, Отырар қалашығы, Арыстан баб және Қожа Ахмет Ясауи кесенелері сияқты тарихи орындарды аралап, өңір кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Ал Өскеменде археологиялық кешендерге, ғылыми зертханаларға және ірі өндіріс орындарына экскурсия жасады.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-