banner

Жаңалықтар

NIS мұғаліміне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы берілді

news
06 қазан 2026 |
54

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы Нұра ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі Гүлжан Нұрғалиеваға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын табыстады.

Мемлекеттік марапат Ұстаздар күніне орай Ақордада өткен салтанатты жиында тапсырылды. Рәсім барысында Президент педагогтердің қоғамдағы айрықша рөліне тоқталып, ұстаз еңбегін дәріптеу мен оның мәртебесін арттырудың маңызын атап өтті.

Гүлжан Әбенқызы үшін ұстаздық – тек мамандық емес, сан буын шәкірттің білімге деген көзқарасын қалыптастырған өмірлік жол. Оқу-ағарту саласындағы 38 жылдық еңбегінің 16 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерімен сабақтасып келеді. Ұстаз білімді, сыни ойлайтын және зерттеуге ұмтылған жас буынды тәрбиелеу арқылы елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға елеулі үлес қосып жүр.

Айта кетейік, Гүлжан Нұрғалиеваның кәсіби еңбегі бұған дейін де жоғары бағаланған. Ол «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және бірқатар салалық марапаттармен атап өтілген.

Фото: Ақорданың Telegram-арнасынан

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-