banner

Жаңалықтар

NIS мектеп білімін жаңғыртудың жаңа бағыттарын ұсынды

news
17 сәуір 2026 |
151

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Алексей Цойдың қатысуымен орта білімді дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Рашед Сарвар, Мемлекет басшысының тапсырмаларын сүйемелдеу, талдау және мониторинг жүргізу жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі Қамалжан Надыров, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігіндегі балаларды қорғау бағдарламаларының жетекшісі Айслу Бекмұса, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасы Әнуар Жанғозин қатысты.

Жиын барысында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасы Әнуар Жанғозин мектеп білімін жаңғыртуға бағытталған, тиімділігі тәжірибеде дәлелденген және ұлттық деңгейде жүйелі енгізуге дайын негізгі бағыттарды таныстырды.

Ұсынылған тәсіл шеңберінде «Келешек мектептері» бастамасына айрықша назар аударылды. Аталған бастама Қазақстандағы озық білім беру тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге таратып, сол арқылы бүкіл білім беру жүйесінің дамуына серпін беретін тірек нүктелерін қалыптастыруды көздейді.

Айта кетейік, ел Президенті бастамашы болған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы 2023–2025 жылдары жүзеге асып, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-