banner

Жаңалықтар

NIS командасы STEM Racing әлемдік финалында үздік жаңа командалардың қатарына енді

news
15 қазан 2026 |
70

Алматы қаласының Медеу және Наурызбай аудандарындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушыларынан құралған OGMA Racing командасы Сингапурда өткен Aramco STEM Racing™ World Finals 2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсетті. Қазақстан атынан алғаш рет қатысқан команда Best Newcomer Award («Үздік жаңа команда») номинациясы бойынша үздік бес үміткердің қатарына енді.

Әлемдік финалға 36 елден 91 команда қатысты. OGMA Racing құрамында Жасмин Әбділдә, Азамат Аймұратов, Анастасия Цой, Әділжан Арыстанбек, Дамир Фазылов, Алихан Қалихан, Жәңгір Елемес және Ибраһим Мұқан болды. Команданы NIS-тегі «Технотория» инженерлік зертханасының меңгерушісі Дулат Байтүленов дайындады.

STEM Racing – оқушылардың инженерлік және технологиялық қабілеттерін дамытуға бағытталған халықаралық жарыс. Қатысушылар «Формула-1» болидтерінің шағын үлгілерін жобалап, құрастырады және арнайы трассада жылдамдығын сынайды. Сонымен қатар командалардың инженерлік шешімдері, жобаларды басқару дағдылары мен таныстырылымдары бағаланады.

NIS оқушылары өз жобаларын халықаралық сарапшылар алдында қорғап, инженерлік әзірлемелері мен командалық жұмыс нәтижелерін таныстырды. Сондай-ақ түрлі елдерден келген жас инженерлермен тәжірибе алмасты.

Бұл жетістік қазақстандық оқушылардың инженерия мен технология саласындағы әлеуетін және еліміздегі STEM-білім берудің халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктерін көрсетті.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-