banner

Жаңалықтар

Қарағандыдағы NIS оқушысы таеквондодан Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

news
16 қазан 2026 |
86

Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Асанәлі Жұмабеков Түркістанда өткен ITF Taekwon-Do World Cup 2026 Әлем кубогында алтын медаль иеленді. Халықаралық жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Үндістан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, БАӘ, Чили және АҚШ бастаған оннан астам елдің спортшылары қатысты.

Асанәлі бес жасынан бастап таеквондомен айналысады. Осы уақыт ішінде Қазақстан чемпионаттарына, облыстық жарыстар мен еліміздің түрлі қалаларында ұйымдастырылған турнирлерге бірнеше рет қатысқан. Әлем кубогындағы жеңісі – көпжылдық жаттығу мен табанды еңбектің нәтижесі әрі алдағы жетістіктерге жаңа серпін.

Асанәлінің келесі жарысы қараша айының ортасына жоспарланған. Ол Қазақстан чемпионатында бақ сынап, 2027 жылдың жазында Бейжіңде өтетін әлем чемпионатына жолдама алуды көздеп отыр.

Жас спортшының басты мақсаттарының бірі – спорт шебері атанып, әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алу.

Бөлісу: