banner

Жаңалықтар

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде құжат қабылдаудың жаңа форматы енгізілді

news

30 желтоқсан 2025

2026 жылдан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептеріне оқуға түсу үшін құжат қабылдау екі форматта жүзеге асады. Үміткерлер құжаттарын eGov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы онлайн, сондай-ақ дәстүрлі форматта құжаттарды мектепке келіп тапсыра алады.

2026 жылғы 5 қаңтардан бастап құжаттарды қабылдау eGov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі. Үдеріс толықтай автоматтандырылған және шалғай өңірлер мен ауылдық елді мекендердегі оқушылар үшін қолайлы әрі қолжетімді мүмкіндік ұсынады. Бұл формат құжат тапсыру үшін жол жүруді қажет етпей, уақыт пен қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

2026 жылы «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар:

онлайн форматта – eGov.kz веб-порталы арқылы;

қағаз форматта – Зияткерлік мектептердің базасында қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 5 қаңтардан 9 ақпанға дейін.

Конкурс өткізу күндері: 2026 жылғы 27–28 наурыз.

Құжаттарды eGov.kz веб-порталы арқылы тапсыруға арналған қадамдық нұсқаулық қосымша жарияланатын болады.