banner

Жаңалықтар

NIS желілік спартакиадасының үстел теннисінен финалдық кезеңінің қорытындысы

news

29 желтоқсан 2025

Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS-те барлық Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының арасында өткен үстел теннисінен желілік спартакиаданың финалдық кезеңі аяқталды.

Жарысқа NIS-тің 21 филиалы мен International Steppe School of Astana мектебінен барлығы 22 команда қатысты. Әр команда құрамында екі ұл және бір қыздан тұратын үш ойыншы болды.

Спартакиада екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алдымен командалар топтарға бөлініп, айналмалы жүйе бойынша өзара ойын өткізді. Топтық кезең нәтижесінде үздік сегіз команда финалдық кезеңге жолдама алып, жүлделі орындар сарапқа салынды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

I орын – Семейдегі NIS
II орын – Қостанайдағы NIS
III орын – Петропавлдағы NIS
III орын – Астана қаласындағы NIS

Үстел теннисі бойынша жеке номинациялар

Ұлдар арасында:

«Үздік ойыншы» – International Steppe School of Astana оқушысы Джангир Бергенев
«Үздік шабуылшы» – Ақтөбедегі NIS оқушысы Қасымжомарт Қаруов
«Үздік техникалық ойыншы» – Қызылордадағы NIS оқушысы Азиз Рахматуллаев
«Үздік ракетка» – Ақтаудағы NIS оқушысы Жәнібек Бекен

 Қыздар арасында:

«Үздік ойыншы» – Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS оқушысы Ақерке Қылышбек

«Үздік шабуылшы» – Көкшетаудағы NIS оқушысы Рената Закирова
«Үздік техникалық ойыншы» – Қарағандыдағы NIS оқушысы Айша Омарова
«Үздік ракетка» – Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы NIS оқушысы Кәусар Әлиайдар

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-