banner

Жаңалықтар

IPhO-2026: NIS оқушылары Қазақстан қоржынына екі алтын медаль салды

news
12 шілде 2026 |
83

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары физикадан әлемдік додада жарқын жеңіске жетті. Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғаған NIS Астана-Нұра оқушылары Әмірбек Азатбеков пен Дамир Құрман Халықаралық физика олимпиадасында екі алтын медаль еншіледі.

Колумбияның Букараманга қаласында өткен беделді International Physics Olympiad 2026 (IPhO) әлемнің 85 елінен келген 381 қатысушының басын қосты. Сайыс теориялық және эксперименттік кезеңдерден тұрды. Теориялық турда қатысушылар физиканың негізгі бағыттарын қамтитын күрделі есептерді шешсе, эксперименттік кезеңде зертханалық тапсырмаларды орындап, алынған нәтижелерді ғылыми тұрғыдан талдады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының дайындығына NIS түлегі Әлішер Еркебаев та зор үлес қосты. Ақтөбедегі Зияткерлік мектепті аяқтаған Әлішер 2023 жылы Токиода өткен IPhO олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған еді. Бүгінде халықаралық додадағы тәжірибесін жас олимпиадашылармен бөлісіп, құраманың жетекшілерінің бірі ретінде жас физиктерді жарыстарға дайындап жүр.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-