Жаңалықтар
IChO 2026: NIS оқушылары алтын және күміс медаль еншіледі
19 шілде 2026 |
138
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің екі оқушысы Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Халықаралық химия олимпиадасында (IChO 2026) жүлдегер атанды.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында бақ сынаған Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айзере Жеңісханова алтын медаль жеңіп алса, Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS оқушысы Әбілмансұр Қали күміс медаль иеленді.
Биылғы халықаралық олимпиадаға әлемнің 90-нан астам елінен 350-ден аса оқушы қатысты. Қатысушылар химия пәні бойынша теориялық білімдерін, тәжірибелік дағдыларын және күрделі ғылыми тапсырмаларды шешу қабілеттерін сарапқа салды.