
Жаңалықтар
IPhO – 2025: NIS оқушылары қос күміске қол жеткізді

25 шілде 2025
Франция астанасы Парижде өткен 55-Халықаралық физика олимпиадасында (International Physics Olympiad, IPhO) Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан қоржынына екі бірдей күміс медаль салды.
Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Әмірбек Азатбеков пен Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Бекасыл Елубай беделді халықаралық білім сайысында жоғары нәтиже көрсетіп, әлемнің ең дарынды жас физиктері қатарынан көрінді.
Сондай-ақ ұлттық құраманың жетекшілерінің қатарында Ақтөбедегі Зияткерлік мектептің түлегі Әлішер Еркебаев бар. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ халықаралық олимпиадаларда Қазақстанның көк байрағын биікте желбіреткен Әлішер бүгінде өзі жүріп өткен білім жолында ізбасарларына бағыт-бағдар көрсетіп келеді.
Айта кетейік, International Physics Olympiad алғаш рет 1967 жылы Польша астанасы Варшавада ұйымдастырылған. Қазақстан бұл беделді білім додасына 1997 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Биылғы олимпиадаға әлемнің 80-нен астам елінен 400-ден аса ең үздік жас физик жиналып, теориялық және практикалық турлар бойынша бақ сынады.
Шәкірттерімізді жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!