banner

Жаңалықтар

Оралдағы NIS оқушысы халықаралық лингвистика олимпиадасында құрмет грамотасына ие болды

news

26 шілде 2025

Тайваньда өткен IOL – 2025 Халықаралық лингвистика олимпиадасында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Шыңғыс Қарасаев құрмет грамотасымен марапатталды.

International Linguistics Olympiad – теориялық, математикалық және қолданбалы лингвистика салалары бойынша мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы халықаралық жарыс. Биыл беделді олимпиадаға 47 елден 400-ден астам жасөспірім қатысты. Олимпиада бағдарламасына жеке және топтық турлар кіреді. Оқушылар күрделі лингвистикалық тапсырмаларды шешумен қатар, жоғары деңгейдегі логикалық ойлау, назар аудару және интеллектуалдық төзімділік дағдыларын көрсетті.

Бұл жетістіктің артында бағыт көрсетіп, білім мен жігер дарытқан жандардың еңбегі де зор. Солардың бірі – Астана қаласындағы Зияткерлік мектептің түлегі Аида Давлетова. Ол 2022 жылы осы халықаралық олимпиадада ел қоржынына қола медаль салған еді, ал биыл тәлімгер ретінде оқушыларымызға тек білімін ғана емес, шынайы қолдау мен шабыт сыйлады.