Жаңалықтар
IEO 2026: NIS-тің жас экономистері төрт медаль еншіледі
20 шілде 2026 |
185
Қытайдың Сучжоу қаласында өткен Халықаралық экономика олимпиадасында (IEO 2026) ұлттық құрама сапында ел намысын қорғаған Назарбаев Зияткерлік мектептерінің төрт оқушысы бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Алтын медальді NIS Астана-Нұра оқушысы Батырхан Мұхтархан иеленді. Ал NIS Алматы-Медеу мектебінің оқушылары Дінмұхаммед Кемелов пен Альтаир Жапаров күміс жүлдеге ие болса, осы мектептің оқушысы Темірлан Қуанышбек қола медаль еншіледі.
Халықаралық білім додасына 70-тен астам елдің өкілдері қатысты Олимпиада бағдарламасы экономикалық талдау, қаржылық сауаттылық және бизнес-кейс шешуге арналған тапсырмаларды қамтыды.