Жаңалықтар
IBO 2026: NIS оқушылары әлемнің үздік жас биологтары қатарынан көрінді
19 шілде 2026 |
119
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Литвада өткен Халықаралық биология олимпиадасында (IBO 2026) ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан қоржынына күміс және қола медаль салды.
Алматы қаласы Медеу ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Софья Желтова күміс медаль иеленсе, Қарағандыдағы NIS оқушысы Евгения Меженина қола жүлдеге ие болды.
Биылғы дода әлемнің 80 елінен келген дарынды оқушылардың басын қосты. Жас биологтар ғылыми пайымдау қабілетін, тәжірибелік шеберлігін және биологиялық үдерістерді терең түсіну деңгейін талап ететін тапсырмалар бойынша бақ сынады.