
Жаңалықтар
IEO – 2025: NIS оқушылары алтын мен қос күміс еншіледі

28 шілде 2025
Бакуде өткен IEO – 2025 Халықаралық экономика олимпиадасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Қазақстанның атын асқақтатып, үздік нәтижеге қол жеткізді.
Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Батырхан Мұхтархан алтын медаль жеңіп алды. NIS IB оқушылары Әділет Абзалиев пен Нұрхан Төлеев күміс медальдарға ие болса, Даниал Арыстан құрмет грамотасымен марапатталды.
Олимпиада биыл 53 елден келген 300-ден астам қатысушыны біріктірді. Қатысушылар экономикалық теория, қаржылық сауаттылық және бизнес-кейсті шешу бағыттарында білімдерін сынға салды. Қазақстандық жас зияткерлер бұл сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің академиялық дайындығы мен халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеді.
Осы айтулы жетістікпен жас жеңімпаздарымызды, олардың ата-аналары мен ұстаздарын құттықтаймыз!