
Жаңалықтар
IBO – 2025: NIS оқушылары биологиядан әлемдік додада топ жарды

26 шілде 2025
Филиппиннің Кесон-Сити қаласында өткен IBO – 2025 Халықаралық биология олимпиадасында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жеңіс тұғырынан көрінді.
Өскемендегі NIS оқушысы Батыр Ержанұлы мен Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Айғаным Балташова олимпиадада қос қола жүлде еншіледі.
Олимпиадаға 80 елден 300-ге жуық үздік оқушы қатысты. Байқау барысында қатысушылар теориялық және практикалық турлар арқылы білімдерін сынға салды. Тапсырмалар жасуша биологиясы, молекулалық биология, өсімдіктер мен жануарлар анатомиясы мен физиологиясы, этология, генетика, экология, эволюция және биосистематика сынды негізгі ғылыми бағыттарды қамтыды.