banner

Жаңалықтар

«El Úmiti Cup 2025» ұлттық дебат гранд-турнирінің үздіктері анықталды

news

04 қараша 2025

Астана қаласы Нұра ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «El Úmiti Cup 2025» ұлттық дебат гранд-турнирі өтті. Биылғы додаға еліміздің түкпір-түкпірінде өткен іріктеу кезеңдерінде үздік нәтиже көрсеткен 182 жас дебатер қатысып, қазақ және ағылшын лигаларында өзара бақ сынады.

Шараны «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ мен «Debat Eli» қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Турнир барысында қатысушылар заманауи әлеуметтік және жаһандық маңызы бар мәселелерді талқылап, өз көзқарастарын сыни тұрғыдан және дәлелді түрде қорғады.

Қазақ лигасы бойынша:

Жеңімпаз команда – «Summertime Sadness» – Әмина Әбдікәрім (Екібастұз қаласындағы №18 орта мектебі), Әуез Сабырхан (Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейі);

Үздік спикер – Еркебұлан Сейдуалиев (Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі)

Үздік судья – Әлихан Айтбаев (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті).

Ағылшын лигасы бойынша:

Жеңімпаз команда – «SAMSA» – Әсем Исина және Сырым Жоямерген (Астана қаласындағы Canada International School), Әлихан Марат (Астана қаласы Нұра ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі)

Үздік спикер – Сырым Жоямерген (Астана қаласындағы Canada International School)

Үздік судья – Мерей Балғабаева (Nazarbayev University).

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-