Жаңалықтар
Білім берудегі жаңа сын-қатерлер мен ортақ жауапкершілік – NIS Conference назарында
Болашақтың мектебі қандай болуы керек және баланың дамуында білім беру экожүйесі қандай рөл атқарады? Бұл мәселелер NIS XV халықаралық конференциясының негізгі тақырыптардың бірі болды.
Когнитивті нейроғылым саласындағы зерттеуші Катри Саарикиви 2045 жылға дейінгі негізгі білім беруді дамытудың финдік тәсілі туралы баяндады. Ол балалардың өзгерістерге бейімделуіне, айналасындағылармен тиімді қарым-қатынас орнатуына және қоғамнан өз орнын табуына көмектесетін дағдыларды қалыптастыруға ерекше назар аударды. Сарапшының айтуынша, технологиялар қаншалықты дамыса да, іргелі білім мен негізгі дағдылардың маңызы ешқашан жойылмайды.
– Мектеп баланы өмірге дайындауы керек. Ол оқушыға мәнді әрі толыққанды өмір сүруге қажетті білім, дағдылар мен құндылықтарды беруі тиіс, – деп атап өтті Катри Саарикиви.
Білім беру ортасы тақырыбын Нидерландыдан келген сарапшысы Эштер Саламон жалғастырды. Оның айтуынша, мектеп, отбасы, жергілікті қоғамдастық және басқа да серіктестер арасында үйлесімді өзара іс-қимыл орнамайынша, баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Осындай ынтымақтастық балаларға қажетті қолдау көрсетуге және педагогтердің тиімді жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Осылайша, конференцияда болашақ мектебін тек білім алатын орын ретінде ғана емес, баланың дамуы барлық қатысушылардың ортақ жауапкершілігі болып саналатын біртұтас білім беру экожүйесінің маңызды бөлігі ретінде қарастыру қажеттігіне баса назар аударылды.