Тәжірибені тарату
- /
- Жаңалықтар /
- NIS педагогтары әдістемелік көмек көрсетті
NIS педагогтары әдістемелік көмек көрсетті

2023 жылғы 20 қыркүйекте Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры К.И.Абдрахманова, ПШО филиалының аға менеджері Ш.К.Альтаева, физика, химия, биология, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі мұғалімдері, ІТ маманы мен куратор «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы аясында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімінің Т.Рысқұлов атындағы тірек мекетебі» (ресурстық орталық) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында шеберлік сабақтарын өткізді.
Шеберлік сабақтары «Сабақта қалыптастырушы бағалауды тиімді ұйымдастыру», «Саралау тапсырмаларын құрастыру», «Белсенді әдістерді сабақта қолдану» сынды тақырыптарды қамтыды. Жұмыс барысында тәрбие саласы да назардан тыс қалмады. Мектеп кураторы «Шаңырақтар жұмысын ұйымдастыру», TEDx NIS, READx жобаларының іске асырылу барысына қатысты өз тәжірибесін бөлісті.
Химия, физика, биология пәні мұғалімдері зертханалық жабдықтарды сабақтарда пайдалану мүмкіндіктерін бірлесіп жүзеге асырса, ІТ маманы мектептегі STEM оқу кабинетінде орналасқан 3D басып шығару құрылғысының мүмкіндіктерін тәжірибе барысында бөлісті.
Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің директоры Ш.С.Кашкимбекова мен пән мұғалімдері, Мойынқұм ауданы білім бөлімінің басшысы Ж.С.Жазықбаев Тараз қаласы ФМБ НЗМ тарапынан ұсынылған әдістемелік көмекке өз ризашылықтарын білдірді. Биылғы оқу жылында аталған іс-шара өз жалғасын табады деп жоспарлануда.