Тәжірибені тарату
- /
- Жаңалықтар /
- Қостанай облысы Ұзынкөл ауылының №1 тірек мектебінде ашық есік күні өткізілді
Қостанай облысы Ұзынкөл ауылының №1 тірек мектебінде ашық есік күні өткізілді
Қостанай облысы Ұзынкөл ауылының №1 тірек мектебінде ашық есік күні өткізілді, ол – «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасының қатысушысы. Алдағы үш жылда мектептің 70-тен астам мұғалімі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, ал білім сапасы айтарлықтай артатынына білім беру ұйымының қызметкерлері сенім білдірді.
2023 жылы тірек мектептерді дамыту жобасы аясында Ұзынкөл ауылының №1 мектебінде 36 кабинет жаңартылды, оның ішінде арт-студия, Абай кабинеті, робототехника, STEM-зертхана және информатика кабинеті компьютерлердің толық жиынтығын алды.
Мектеп мұғалімдері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің базасында өткізілетін біліктілікті арттыру курстарында оқуды бастады. Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін қамтитын қарқынды курстар 5-6 айға созылады, одан кейін барлық мектеп үшін үш жылдық әдістемелік қолдау жүргізіледі.
Қостанай НЗМ директоры Гүлнара Дусказиева Ұзынкөл мектебіне барлық қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
«Бүгін біз оқушы үшін физикалық орта құрылғанын көріп отырмыз. Алайда, бұл жеткіліксіз. Біздің үлкен идеямыз – мектепті жаңа сана деңгейіне көтеру. Өзгеруге дайын сана. Өзгеріс әрқашан оң нәтижелерге жетелеуі керек, күн сайын, әр сабақ сайын. Бұл үдерісте біз оларды сүйемелдейтін боламыз, осы мақсатта семинарлар мен мастер-класстар, ашық сабақтар мен бірлескен жобалар жоспарланды. Ең бастысы – білім сапасы және тұлғаның жан-жақты дамуы», - дейді Гүлнәр Дусказиева.
Мектептің тұсаукесеріне Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұхаметқали Ринат Зәкиұлы қатысты.
«Қазақстан халқына» қорымен және серіктестермен ынтымақтастық әлеуметтік саланы жақсартуға ықпал етеді. Тек биылғы жылдың өзінде қор білім алу үшін сапалы жағдай жасауға бір жарым миллиард теңгеден астам қаражат бөледі: бұл 4 тірек ауыл мектебін жаңарту, робототехника кабинеттерін, арнайы мектептерге арналған заманауи жабдықтарды жеткізу», – дейді облыс әкімінің орынбасары.
Биыл тірек мектептерді жарақтандыруға «Қазақстан халқына» қоры 15,750 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.
«Қазақстан халқына» қоры Білім беруді тұрақты дамыту қорымен бірлесіп биыл бағдарламаның екінші кезеңі аясында Қазақстан бойынша 63 тірек мектепті, оның ішінде Қостанай облысындағы 4 мектепті жаңғыртады, олардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, жобаның серіктесі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіледі», – дейді Бауыржан Оразғалиев, «Қазақстан халқына» қорының өкілі.
Сонымен қатар жергілікті атқарушы орган өкілдері жақын арада тірек мектепте жарық пен интернетті жақсартуға ниетті.
Естеріңізге сала кетейік, «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» - Білім беруді тұрақты дамыту қоры, «Қазақстан халқына» қорын және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰҰ-ның бірлескен жобасы. Айта кету керек, қордың барлық операциялық шығындарын «Aitas» Холиндгі өтейді.
2022 жылы «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жобаның бірінші кезеңі іске асырылды, оған еліміздің 17 өңірінде 17 мектеп қатысты.
2023 жылы жобаның екінші кезеңі басталды, оған 63 мектеп қатысады. Мектептер тізімін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі бекітті. Мектептердің толық тізімімен furo.kz сайтында танысуға болады.
2023 жыл ішінде мектептер заманауи кабинеттермен және қосымша білім беру кабинеттерімен толық жабдықталатын болады.