banner

Тәжірибені тарату

  • /
  • Жаңалықтар /
  • Ақтөбе облысының 12 ауылдық мектебінің мұғалімдері NIS - те тағылымдамадан өтті

Ақтөбе облысының 12 ауылдық мектебінің мұғалімдері NIS - те тағылымдамадан өтті

news
Ақтөбе облысының 12 ауылдық мектебінің мұғалімдері NIS-те тағылымдамадан өтті 

2023 жылдың 18-22 қыркүйек күндері Ақтөбе облысының он екі ауылдық мектебі Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тағылымдамадан өтті. Олар бұған дейін біліктілікті арттыру курстарын тәмамдаған. Бүгін мұғалімдер NIS спикерлерінің дайындаған әртүрлі интерактивтерге толы төрт күндік қарқынды тағылымдамасын аяқтады. 

NIS базасында пәндер бойынша, оның ішінде жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша тренингтер, сондай-ақ критериалды бағалау, цифрлық сауаттылық және тәрбие жұмысы бойынша курстар ұйымдастырылды. Спикерлер сабақ берудің жаңа әдістемелерін, әртүрлі оқушылармен жұмыс істеу тәсілдері және заманауи білім беру технологияларын пайдалану мәселелерін қамтитын бағдарлама дайындады. 

– Шеберлік сабақта Зияткерлік мектеп мұғалімі бізге оқытудың ескі, бірақ іске асатын әдістерін есімізге түсірді. Біз оларды жаңаша қалай қолдану керектігін түсіндік. Әріптестер бізге қалыптастырушы,  критериалды бағалау, жұмыстың реттілігі секілді өзекті тақырыптарға түсініктеме берді. Менің ойымша, облыстың он екі ауданынан келген барлық мұғалімдер өз сұрақтарына жауап ала алды, себебі семинарда біз күнделікті жұмысқа қажет білім алдық, – деді Хромтау мектебінің оқытушысы Гүлнара Идрешова. 

Тағылымдама «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» әлеуметтік жобасы барысында өтті. Оның негізгі миссиясы – қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқу алшақтығын қысқартуға көмектесу.