banner

Тәжірибені тарату

  • /
  • Жаңалықтар /
  • Қызылорда облысының тірек мектеп мұғалімдері NIS-те тағылымдамадан өтті 

Қызылорда облысының тірек мектеп мұғалімдері NIS-те тағылымдамадан өтті 

news
Қызылорда облысының тірек мектеп мұғалімдері NIS-те тағылымдамадан өтті 

2023 жылдың 26 қыркүйегінде Қызылорда облысының Арал, Қармақшы және Жаңақорған аудандарының тірек мектеп мұғалімдері өңірдегі Қызылорда қаласының Химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтті.  

Бір күндік тағылымдамаға Ж.Әбдірашов атындағы №62 мектеп-лицейі, Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі және №286 жалпы білім беретін мектептен 100-ге жуық мұғалім келді. Педагогтер жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық,  дене шынықтыру, бейнелеу өнері,  робототехника және информатика бағытындағы пәндер бойынша 50-ден астам ашық сабаққа қатысып, оқу үдерісін тиімді жоспарлау бойынша біліктіліктерін арттырды. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық тәсілдерімен танысып, әдістемелік қоржындарын толықтырды.   

«Білім беру жүйесін басқару» алаңында қатысушылар мектеп дамуына ықпал ететін негізгі қағидаттар жайында ақпарат алып, NIS-те тәрбие жұмысын іске асыру, оқушыларды олимпиадаларға және ғылыми жобалармен айналысуға тарту ерекшеліктерін көрді.    

Сондай-ақ, арнайы ұйымдастырылған шеберлік-сыныптар мен дөңгелек үстел басында ауыл ұстаздарына педагогикалық мәселелер бойынша кеңестер берілді.