Тәжірибені тарату
- /
- Жаңалықтар /
- NIS тәжірибесі – ауыл мектептерінің дамуындағы жаңа серпін
NIS тәжірибесі – ауыл мектептерінің дамуындағы жаңа серпін

«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы барлық NIS мектептерімен тұрақты түрде қолдау көрсетілуде. Осы тұста Түркістандағы NIS-тің ұстаздар қауымы 17 мен 20 қараша күндері Кентау қаласында орналасқан «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебі» мен Шәуілдір ауылдық елді-мекеніндегі «Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатына» барып, тәжірибе алмасты.
Зияткерлік оқу ордасының мұғалімдері Ө.Жәнібеков атындағы №4 жалпы орта лицей-интернатының педагогтар қауымымен бірлесе «Сабақтағы критериалды бағалауды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында 9 ашық сабақ ұйымдастырып, пәндер бойынша 4 семинар-тренинг өткізді. Ал Кентау қаласында орналасқан «Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің» ұстаздары мен оқушыларына бағдарлама бойынша 9 ашық сабақ пен 3 семинар тренинг ұйымдастырды.
Тәжірибе алмасу алаңында Түркістандағы NIS ұстаздары қос тірек мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, бақыланған сабақтарға кері байланыс пен оқыту процесіне қажетті өз ұсыныстарын білдірді.
Ауыл мектептерінің дамуына жаңа серпін беретін NIS тәжірибесі мен кейстері тірек мектептердің әлеуетін арттыруға, оқыту мен білім беру процесіне тиімді әдістемелік қолдау көрсетуге ықпал етеді.