Тәжірибені тарату
- /
- Жаңалықтар /
- NIS педагогтары Түркістан облысындағы тірек мектептерге барды
NIS педагогтары Түркістан облысындағы тірек мектептерге барды

15 жылдан бері NIS елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ететін орта білімді тұрақты дамуды қамтамасыз етіп келеді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ауылдық жерлердегі оқу ордаларының білім сапасын арттыруға бағытталған «Ауылдық мектеп» жобасын жүзеге асыруда. Ауқымды жоба ауыл балаларының сапалы білім алуына мүмкіндік берсе, ауыл мұғалімдері кәсіби құзыреттілік деңгейлерін арттыруда. Нәтижеде тірек мектептер аймақтағы басқа білім ошақтары үшін ресурстық орталықтарға айналуы керек.
Осы орайда Түркістандағы NIS-тің бірқатар ұстаздары «Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы аясында облыстағы тірек мектептердің педагог мамандары мен оқушыларына әдістемелік қолдау көрсетуді бастады.
Өңірге қарасты тірек мектептер қатарындағы Сауран ауданындағы «Әшірбек Сығай атындағы жалпы орта мектебіне» Түркістандағы NIS ұстаздары 15 қараша күні барып, тәжірибе алмасу мақсатында 10 ашық сабақ пен 2 семинар-тренинг өткізді.
«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептердің әлеуетін арттыру» қайырымдылық жобасы бүкіл мектеп қауымдастығында жүйелі өзгерістерді енгізуде ашық диалог алаңына айналып, орта білім беру жүйесінің дамуына оң әсер етуді қамтамасыз етуге және елдің білім рейтингіндегі ауылдық мектептер позициясын жоғары деңгейге шығаруға бағытталған.