banner

Тәжірибені тарату

  • /
  • Жаңалықтар /
  • Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері шеберлік сыныптарын өткізді

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері шеберлік сыныптарын өткізді

news
«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру» жобасы   аясында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің  мұғалімдері  Сарысу ауданы, Саудакент ауылындағы  Б.Адамбаев атындағы  тірек мектебі коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету  мақсатында  шеберлік сыныптарын өткізді.  «Оқу сауаттылығы: оқылым тапсырмаларын құрастырудың тиімді жолдары», «Сараланған тапсырмаларды қолдану»,  «Орыс тілі сабақтарына функционалдық сауаттылықты дамыту», «Оқушылардың қабілеттері мен қажеттіліктеріне қарай сараланған тапсырмаларды құрастыру», «Химия сабағында жарастылыстану - ғылыми сауаттылықты дамытуға  тапсырмаларды  талдау және  құрастыру», «Зертханалық жұмыстар және жаңа әдіс жолдары», «Ата-аналар университеті  жобасын ұйымдастыру», «НЗМ- де үйірме жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында пән мұғалімдері мен куратор-педагог, қосымша білім беру мамандары  өз тәжірибиелерімен бөлісті. Ресурстық орталық мұғалімдері өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алып, өз ойларын  ортаға салды. НЗМ мұғалімдері өз тәжірибиелерімен  бөлісу барысында  тәжірибиелік жұмыстарды бірлесе орындап, тірек мектебі  мұғалімдермен  үнемі байланыста болып,  әдістемелік  көмекке, қолдауға  әзір екендіктерін білдірді.  

Тараз қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі