banner

Тәжірибені тарату

  • /
  • Жаңалықтар /
  • «Сандық ресурстарды сабақта тиімді пайдалану» тақырыбында тірек мектеп ұстаздары үшін тағылымдама

«Сандық ресурстарды сабақта тиімді пайдалану» тақырыбында тірек мектеп ұстаздары үшін тағылымдама

news
2024 жылдың 8 ақпаны күні Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Сандық ресурстарды сабақта тиімді пайдалану» тақырыбында тағылымдама өтті. Тағылымдамаға Түркістан облысында орналасқан тірек мектептерден 61 педагог қатысты.

Тағылымдама барысында барлық пәндер бойынша 14 ашық сабақ, өзге академиялық және тәрбие бағытында 14 семинар мен тренингтер өткізілді.

Физика, химия және биология пәндері мұғалімдері үшін лабораториялық жұмыстарды сабақтарға кіріктіру және оқыту үрдісінде лабораториялық құрылғыларды пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілді.

Тағылымдаманың ерекшіліктерінің бірі – жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері жоғары сынып оқушылары өткізген Біріккен Ұлттар ұйымы моделіндегі конференция отырысын тамашалай алды.

Қатысушылар тағылымдама жұмысына жақсы баға беріп, алдағы уақытта жұмысты жоспарлау үшін ұсыныстарын да атап өтті.

Айта кетейік, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектеп, Ә.Сығай атындағы жалпы орта мектеп және Ө.Жәнібеков атындағы №4 лицей-интернат Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне тірек мектептер болып бекітілген.

Тағылымдама соңында тірек мектеп ұстаздары мектебіміздің пән мұғалімдеріне алғыстарын білдіріп, сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер, дидактикалық материалдар мен ресурстар, практикалық сабақтарда қолданылған лабораториялық құрылғылар туралы жекелей сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі