Тәжірибені тарату
- /
- Жаңалықтар /
- Аналитика олипиадасының қорытындысы
Аналитика олипиадасының қорытындысы

2024 жылғы 14-23 ақпан аралығында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» атты қайырымдылық жобаға қатысатын тірек мектептері арасында аналитика бойынша олимпиада өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты аналитика саласын педагогтер арасында танымал ету және мұғалімдер қауымын аналитиканы күнделікті жұмыс барысында мүмкіндігінше жиі қолдануға шақыру.
Олимпиада тапсырмалары 3 бөлімнен құралған:
1 бөлім – Сергіту (логикалық тапсырмаларды орындау)
2 бөлім – Практикалық жұмыс (кестеде берілген мәліметтерді талдау)
3 бөлім – Графиктермен жұмыс істеу (берілген мәліметтер негізінде түрлі графиктер құру)
Ұйымдастырылған олимпиадаға барлығы 26 тірек мектебі қатысып, бәсекеге түсті.
2024 жылғы 29 ақпан күні олимпиаданың қорытындысы ресми түрде жарияланды. Нәтижесінде үздік үш мектеп анықталды:
I орын – Маяковский атындағы орта мектеп, Абай облысы
II орын – Бестамақ орта мектебі, Ақтөбе облысы
III орын – Ж. Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы, Қарағанды облысы