banner

Тәжірибені тарату

NIS педагогтері әдістемелік көмек көрсетті

news
Орал қаласындағы физика-математикалық Назарбаев зияткерлік мектебінің педагогтері «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында Ақсай қаласының №5 жалпы білім беретін мектебіне әдістемелік көмек көрсетті.

Үздіксіз ізденіс жолындағы Бөрлі ауданының білім ордасы қазақ тілі, география пәндерінен ашық сабақ өткізіп, психология бағыты бойынша «Берік отбасы» бағдарламасы аясындағы бала мен ата-ана ынтымақтастығы туралы іс-шараны назарға ұсынды. Сонымен қоса тірек мектеп педагогтері мектеп кітапханасына қатысты және робототехника үйірмесінің шеңберінде туындаған сұрақтарына жауап алды.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы Ақсай мектебі оқушыларының ғылыми жобалар жәрмеңкесін тамашалап, оқушылар мен мұғалімдерге зерттеу дағдыларын дамытудың тиімді тәсілдерін бөлісті. Lesson study бойынша зерттеу жұмыстарына талдау жасап, білім ордасының әлеуетін дамыту жайында пікірлерін білдірді. Қос мектеп мұғалімдері кәсіби ашық диалогке түсіп, тәжірибе алмасты.

– Біз Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінің білім беру жүйесіндегі үздік тәжірибемен бөлісе алдық. Ақсай қаласындағы №5 мектеп ұжымы өте ұйымшыл және өзгерістерге дайын екені семинардың бастапқы кезеңінен-ақ байқалды. Ақсайлық әріптестеріміз тығыз қарым-қатынас арқылы оқыту мен бағалауға қатысты мәселелердің шешімін таба алды, – дейді Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәкен Мыңбаев.

Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі