banner

Тәжірибені тарату

  • /
  • Жаңалықтар /
  • Kiva-ның буллингке қарсы бағдарламасын апробациялау

Kiva-ның буллингке қарсы бағдарламасын апробациялау

news
2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап еліміздің 110 мектебінде «KiVa» буллингке қарсы бағдарламасын пилоттық енгізу жоспарлануда. 2025-2026 оқу жылынан бастап бағдарлама жыл сайын 1500 мектепті қамти отырып, елдің жалпы білім беретін мектептерінде кезең-кезеңімен енгізу көзделіп отыр.

Бағдарламаға біздің тірек мектептеріміз де қатысатын болады. Соған орай бүгін 79 тірек мектебінің әкімшілігіне «KiVa» туралы егжей-тегжейлі ақпарат беріліп, алда атқарылуы қажет жұмыс жоспары таныстырылды.

KiVa – буллингке қарсы күресудің ғылыми негізделген және инновациялық бағдарламасы. Бағдарлама құрастырушысы – Турку университеті, Финляндия.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары:
1. Буллинг профилактикасы;
2. Араласу (буллинг жағдайлары пайда болған кездегі оны шешуге бағытталған әрекеттер);
3. Буллингтің жағымсыз салдарын азайту.