Зияткерлік мектептердің «Кітап әлемді бағындырады» акциясында 5000-нан аса кітап жиналды

Дәстүрлі түрде Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орайластырылған «Кітап әлемді бағындырады» іс-шарасы өтті. Челленджге Зияткерлік мектептердің оқушылары, педагогтер мен қызметкерлері қатысты.

Шараның мақсаты – оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді кітап оқуға, бөлісуге, талқылауға ынталандыру.

Қазірдің өзінде мыңдаған оқырман өздерінің сүйікті туындыларын сыйлыққа алды. Игі бастама кітап оқу мектеп қауымының басты ұстанымы болып қала беретінін дәлелдейді. «Кітап әлемді бағындырады» акциясы сәуір айының соңына дейін жалғасады.