СТРАТЕГИЯ – 2035: NIS-PROGRAMME білім беру бағдарламасы және Зияткерлік мектеп түлегінің NIS GRADE 12 CERTIFICATE сертификатының мойындалуы

Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына NIS-Programme мен Зияткерлік мектеп түлегінің сертификатын (NIS Grade 12 Certificate) мойындатуда ДББҰ айтарлықтай нәтижеге жетті. 8 халықаралық білім беру ұйымы – Ұлыбританиядағы UK ENIC және UCAS, Германиядағы Kultusministerkonferenz және Uni-assist, Нидерландыдағы NUFFIC, Нидерланды, Швейцариядағы Swiss Education Group, Қытайдағы CUCAS, Аустралиядағы VTAC Зияткерлік мектептердегі білім берудің жоғары сапасын мойындады. Ал Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия, Германия, Швейцария, Нидерланды, Италия, Сингапур, Жапония, Қытай, Оңтүстік Корея және т.б. жоғары оқу орындары NIS түлектерін университет алдындағы дайындықсыз бакалавриат бағдарламаларына қабылдайды, сондай-ақ түлектер 19 отандық жоғары оқу орнының қысқартылған бакалавриат бағдарламаларына түсе алады.

ДББҰ Зияткерлік мектеп түлектерінің елдегі және әлемдегі ең сұранысқа ие жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін арттыру жұмысын жалғастырады.

Мектеп сертификатының танылуы түлектерге білім беру мүмкіндіктері мен бағдарламаларының кең спектрін ұсынып, шетелдік оқу орындарында білім алуға жол ашады. Сонымен қатар мойындалған білім сертификаттары түлектердің ел ішінде де, шетелде де жұмыс іздеуде бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады және ата-аналар мен оқушылардың оқу орнына деген сенімін арттырады. Халықаралық танылу мектептегі білім сапасының көрсеткіші болып табылады.