СТРАТЕГИЯ – 2035: Білім беру өнімдері мен қызметтерін шетелге экспорттау

NIS-ке деген халықаралық сенім педагогтерді кәсіби дамыту саласындағы академиялық жетістіктер мен үлкен тәжірибе арқасында нығайды. Еуропалық Одақпен ынтымақтастық аясында Түркіменстанда педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың 9 бағдарламасы әзірленіп, табысты іске асырылды, олар халықаралық қоғамдастықтың жоғары бағасына және мойындауына ие болды. Сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан және Өзбекстан педагогтерін оқыту саласында табысты бірлескен жобалар жүзеге асырылды.

Қол жеткізілген нәтижелер мен тәжірибені ескеріп, бүкіл әлемде оқыту мен білім беру сапасын жақсарту үшін білім беру өнімдері мен қызметтерін ұсыну жалғасатын болады. Себебі әлемдік білім берудің болашағы жаһандық ынтымақтастықта, халықаралық идеялар және әдістемелермен алмасуда жатыр. ДББҰ басқа елдердің педагогтерін оқыту және бүкіл әлемде білім беру сапасын жақсарту үшін ауқымды білім беру бағдарламаларын жүргізуді жалғастырады.

Экспорттық қызметтің келесі перспективалы бағыты Зияткерлік мектептердің ғана емес, сонымен қатар қазақстандық және шетелдік EdTech компаниялардың білім беру өнімдерін, қызметтері мен технологияларын біріктіретін халықаралық цифрлық алаңды құру және ілгерілету болып табылады. ДББҰ Зияткерлік мектептердің цифрлық экожүйесінің бөлігі ретінде бірыңғай жаһандық Market Рlace-те білім беру саласындағы цифрлық шешімдерді біріктіру бойынша өршіл мақсат қойды.