Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Талдықорғандағы Зияткерлік мектепке іссапармен барды

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин іссапармен Талдықорған қаласындағы NIS-те болды.

Мектептің педагогикалық ұжымы, әкімшілігі және өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерімен кездесу барысында барлық бағыттағы жетістіктер таныстырылды, оның ішінде емтихандар мен олимпиадалық қозғалыс, ғылыми жұмыстар, мұғалімдерді аттестаттау, оқушылардың жеке пәндер бойынша үлгерімі және тәжірибе алмасу нәтижелері талданды. Сондай-ақ Талдықорғандағы Зияткерлік мектептің алға қойған мақсаттары айтылды.

Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин NIS-тегі әрбір табысты бастамаға бірлік пен ынтымақтастықтың, ұжымдық жұмыс пен кәсіби мамандардың арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар білім алушылармен бейресми форматта кездесу ұйымдастырылып, оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды, ұсыныстарын жеткізді.