Бос орындар
NIS педагогтердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды
NIS педагогтердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды
Іріктеу күндері: 2026 жылғы 8 және 22 маусым, 10 тамыз
Іріктеуден сәтті өткен кандидаттарға ұсынылатын мүмкіндіктер:
• NIS желісіне жұмысқа орналасу;
• кадрлық резервке қабылдану;
• кәсіби даму бағдарламаларына, тағылымдамаларға және халықаралық конференцияларға қатысу;
• заманауи білім беру ортасында кәсіби құзыреттерін дамыту.
Конкурсқа қатысуға шақырылады:
• 2026 жылы оқуын аяқтайтын бітіруші курс студенттері;
• жоғары оқу орындарының түлектері;
• заманауи білім беру ортасында кәсіби тұрғыда өзін дамытуға қызығушылық танытатын педагогтер.
Конкурстық іріктеу кезеңдері:
Бірінші кезең:
пәндік тестілеу және тұлғалық әрі кәсіби құзыреттерді бағалауға арналған сауалнама.
Екінші кезең:
үміткермен конкурстық комиссияның әңгімелесуі.
Қосымша білім беру педагогі лауазымына үміткерлер қосымша портфолио ұсынып, шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.
Өткізу тәртібі:
09:00–09:45 — қатысушыларды тіркеу
09:45 — кандидаттарға нұсқаулық беру
10:00 — тестілеудің басталуы
Іріктеу NIS мектептерінің барлығында өткізіледі.
NIS — кәсіби даму, мықты педагогикалық қауымдастық және кәсіби өсу мүмкіндіктерінің кеңістігі.
Білім беру болашағын қалыптастыратын командаға қосылыңыз!
Іріктеуге қатысу үшін https://career.nis.edu.kz сайты арқылы өтінім беріңіз