Кітапхана басқару жүйесі (КБЖ)
Кітапхана басқару жүйесі (КБЖ)
Кітапхана басқару жүйесі (КБЖ) — Назарбаев Зияткерлік мектептері желісінде жұмыс істейтін заманауи веб-бағдарланған платформа. Бұл шешім кітапхана үдерістерін толық автоматтандыруға, деректерді бірыңғай цифрлық ортаға біріктіруге және кез келген жерден кітапхана ресурстарына ыңғайлы қол жеткізуге арналған.
Функционал
Қорды катологтау және басқару — басылымдар, даналар, келіп түскен және шығарылған материалдарды есепке алу.
Оқырмандармен жұмыс — оқырман карточкаларын жүргізу, берешектерді есепке алу, кітаптарды беру және қайтару, оқырман билеттерін жасау.
Түгендеу — штрих-кодтарды пайдаланып қорды тексеру, нәтижелерді экспорттау.
Есептілік — талдамалық және статистикалық есептерді қалыптастыру және экспорттау.
Әкімшілік — рөлдерді, пайдаланушыларды және жүйелік параметрлерді басқару.
Оқырман кабинеті — оқу тарихы, таңдаулылар, іздеу және каталогқа онлайн қол жеткізу.
Деректерді көшіру — КАБИС және Follett жүйелерінен ақпаратты деректер жоғалтпай үздіксіз көшіру.
Артықшылықтары
Барлық бизнес-үдерістерді қамтитын бір жүйеде кітапхана қорын орталықтандырылған басқару.
Кез келген құрылғыдан интернет арқылы қол жеткізу, көптілді интерфейс және ыңғайлы навигация.
Сыртқы білім беру және әкімшілік платформаларымен интеграциялау мүмкіндігі.
Автоматтандыру және штрих-кодтау технологиясы арқылы дағдылы операцияларды азайту.
Кітапхананың нақты қажеттіліктеріне сәйкес икемді баптау және жетілдіру мүмкіндігі.
Кітапхана үдерістерінің функционалдық талаптарына жоғары сәйкестік деңгейі.