Тәрбиелік жобалар
Ата-ана жұмысындағы бір күн
Оқушылардың ел өміріне араласу мүмкіндігін кеңейту, олардың әлеуметтік белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін арттыру, оқушылардың рухани-шығармашылық қасиеттерін, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, еңбекті құрметтеу дағдыларын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы түсіністікті, мамандық таңдау мәселесінде ұрпақтар сабақтастығын нығайту әлеуметтік жобаның мақсаты болып табылады.
Тәжірибенің ерекшеліктері:
оқушылар тәжірибені куратормен және ата-аналармен бірлесіп жоспарлайды;
олардың кәсіби қызметінің ерекшеліктерін зерттейді;
кәсіпорынның мазмұнымен танысады;
ата-аналардың әріптестерінен сұхбат алады;
оқу, жазу және ой қорыту дағдыларын қолданады;
күнделік жүргізеді, ақпаратты талдап, құрылымдайды және есеп дайындайды.
Тәжірибе нәтижесі бойынша жазылған эссе мазмұнын талдау оқушылардың ойлау әрекетінің динамикасын көрсетеді, балалардың шығармаларынан олардың көзқарастары, армандары, мамандықтар туралы түсініктері, ата-аналарына, үлкендерге, қоғамға деген көзқарастары қалай өзгергенін көруге болады.
![]()