banner

Жаңалықтар

Оралдағы NIS оқушысы Әл-Хорезми атындағы халықаралық олимпиадада күміс жүлде иеленді

news
13 мамыр 2025 |
44

Ташкент қаласында математика және информатика пәндері бойынша Әл-Хорезми атындағы III Халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Білім бәйгесіне тоғыз мемлекеттен 200-ден астам дарынды мектеп оқушысы қатысты.

Нәтижесінде Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Мұрат Мейірбек математика пәнінен күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұл олимпиада 2023 жылдан бастап Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектептегі білім министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып келеді. Олимпиаданың мақсаты – дарынды жастарды қолдау және олардың математика мен информатика салаларындағы білімін халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік жасау.

2025 жылғы олимпиаданың ерекшелігі – жарыс бағдарламасына информатика пәнінің енгізілуі. Бұл жаңашылдық оқушылардың ақпараттық технологиялар саласындағы қабілетін де бағалауға жол ашады.

Бөлісу: