
Жаңалықтар
NIS оқушылары физикадан Азия олимпиадасында жүлдегер атанды

12 мамыр 2025
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары физика пәні бойынша өткен Азия олимпиадасында жеңіс тұғырынан көрінді. Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әмірбек Азатбеков күміс медаль иеленсе, Алматыдағы дәл осындай бағыттағы NIS оқушысы Бекасыл Елубай қола жүлдеге қол жеткізді. Беделді дода Сауд Арабиясының Дахран қаласында өтті.
Биылғы білім бәйгесіне Азия-Тынық мұхиты аймағындағы 30 елден келген дарынды оқушылар қатысты. Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен NIS оқушылары ел намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады.
Айта кетейік, физикадан Азия олимпиадасы – теориялық әрі эксперименттік күрделі тапсырмаларды қамтитын әлемдегі ең беделді халықаралық жарыстардың бірі.