banner

Жаңалықтар

NIS-тің iGeO-дағы жеңісті жолы жалғасты

news
17 тамыз 2026 |
264

Қостанайдағы NIS оқушысы Андрей Енбахтов Ыстанбұлда өткен XXII Халықаралық география олимпиадасында (iGeО 2026) үздіктер қатарынан көрініп, алтын медаль иеленді.

Андрей үшін бұл халықаралық аренадағы тағы бір айтулы белес. Ол екінші жыл қатарынан iGeО-да алтын жүлдеге қол жеткізіп, әлемнің үздік жас географтары қатарындағы орнын нықтай түсті. Өткен жылы Бангкоктағы додада да жеңіс тұғырынан көрінген еді. Бұған қоса, биыл жазда Андрей Болгарияда өткен Еуропалық география олимпиадасында (EGeO 2026) топ жарып, халықаралық жетістіктер қоржынына тағы бір алтын қосты.

Биылғы беделді олимпиада әлемнің 50-ден астам елінен 200-ге жуық дарынды оқушыны бір алаңға жинады. Халықаралық география олимпиадасы – Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен өтетін, мектеп оқушылары арасындағы ең беделді пәндік додалардың бірі.

Олимпиада үш негізгі кезеңнен тұрды: жазбаша тапсырмалар, мультимедиялық тест және далалық зерттеу жұмысы. Қатысушылар физикалық және әлеуметтік-экономикалық география бойынша білімдерін сарапқа салып, карталар мен деректерді талдады, сондай-ақ далалық жағдайда зерттеу жүргізу дағдыларын көрсетті.

Бөлісу: