Жаңалықтар
NIS-тің 7-сыныпқа қабылдау жүйесі халықаралық стандарттарға сай екені қайта расталды
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды қабылдау бойынша конкурстық іріктеу жүйесі халықаралық деңгейде қайта аккредиттелді.
Тәуелсіз сараптаманы Нидерландыдағы RCEC Сараптама және сертификаттау зерттеу орталығының мамандары жүргізді. Сарапшылар NIS-тің оқушыларды қабылдау жүйесі әділ, сенімді әрі халықаралық талаптарға сай екенін жоғары бағалады.
Тексеру барысында конкурстық іріктеу жүйесі алты негізгі бағыт бойынша бағаланды. Атап айтқанда, тесттің мақсаты, емтихан материалдарының сапасы, тапсырмалардың оқушы білімін дұрыс бағалау мүмкіндігі, нәтижелердің сенімділігі, белгіленген талаптардың сақталуы, сондай-ақ тестілеуді өткізу тәртібі мен қауіпсіздігі қаралды.
Сарапшылар тест тапсырмаларын ғана емес, оларды әзірлеу, емтиханды ұйымдастыру, нәтижелерді өңдеу және талдау үдерістерін де жан-жақты зерделеді. Бұл іріктеу жүйесінің мазмұндық және ұйымдастырушылық тұрғыдан жүйелі құрылғанын көрсетеді.
Айта кетейік, бұл іріктеу жүйесі 2022 жылы да аталған орталықтың бағалауынан сәтті өткен болатын.