banner

Жаңалықтар

NIS-те тоғызқұмалақтан желілік спартакиада өтті

news
13 қараша 2026 |
57

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан дәстүрлі желілік спартакиада өтті. Ұлттық зияткерлік жарысқа барлық NIS мектептерінің оқушылары, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларындағы International Steppe School білім алушылары қатысты. Сайысқа барлығы 110 оқушы жиналды.

Спартакиада оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай үш санат бойынша ұйымдастырылды: 5–6, 7–9 және 10–12-сыныптар.

Үш күнге созылған жарыс барысында қатысушылар өздерінің ойын шеберлігін көрсетіп, жүлделі орындар үшін тартысты бәсекеге түсті. Сайыс қорытындысында әр жас санаты бойынша жекелей және командалық есептің жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды.

5–6-сынып оқушылары арасында ұлдар санаты:

1-орын – Еркебұлан Дәулетхан – NIS Өскемен

2-орын – Дамир Мурсалимов – NIS Семей

3-орын – Геворк Геворняк – NIS Петропавл

3-орын – Қайсар Дінмұхамед – ISS Astana

5–6-сынып оқушылары арасында қыздар санаты:

1-орын – Балнұр Рахман – ISS Astana

2-орын – Мәлика Белібаева – NIS Семей

3-орын – Әсел Сабдина – NIS Көкшетау

3-орын – Жасмин Елеусізова – NIS Қостанай

5–6-сыныптар арасындағы командалық есеп:

1-орын – ISS Astana

2-орын – NIS Семей

3-орын – NIS Қостанай

7–9-сынып оқушылары арасында ұлдар санаты:

1-орын – Нұрали Айтқазы – NIS Талдықорған

2-орын – Ерсұлтан Хасен – NIS Семей

3-орын – Бексұлтан Сүлейменов – NIS Өскемен

3-орын – Жәнібек Ноянов – NIS Қостанай

7–9-сынып оқушылары арасында қыздар санаты:

1-орын – Айзере Серікова – NIS Семей

2-орын – Фариза Мектепхан – NIS Қызылорда

3-орын – Назан Байжанова – NIS Петропавл

3-орын – Айзере Арысбек – NIS Қостанай

7–9-сыныптар арасындағы командалық есеп:

1-орын – NIS Семей

2-орын – NIS Қостанай

3-орын – NIS Петропавл

10–12-сынып оқушылары арасында ұлдар санаты:

1-орын – Жанарыс Тлеукүл – NIS Ақтау

2-орын – Ардақ Қабдыр – NIS Павлодар

3-орын – Ақберен Бақытберген – NIS Қызылорда

3-орын – Нұрдәулет Пазылхан – NIS Шымкент-Абай

10–12-сынып оқушылары арасында қыздар санаты:

1-орын – Айдана Аманғали – NIS Орал

2-орын – Назерке Жәрдем – NIS Ақтау

3-орын – Бинұр Мұхамеджан – NIS Қызылорда

3-орын – Данара Аташбек – NIS Тараз

10–12-сыныптар арасындағы командалық есеп:

1-орын – NIS Ақтау

2-орын – NIS Орал

3-орын – NIS Павлодар

Желілік спартакиада оқушылардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылығын арттырып, еліміздің әр өңіріндегі қатарластарымен бақ сынау арқылы ойын шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұлттық зияткерлік ойынның дәстүрін сақтап, оны жас ұрпақ арасында кеңінен дәріптеуге жол ашады.

Айта кетейік, ұлттық ойындар Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілген. Оқу үдерісі аясында оқушылар олардың тарихымен, ойын ережелерімен және мәдени маңызымен танысады.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-