banner

Жаңалықтар

NIS-те шахматтан желілік спартакиаданың үздіктері анықталды

news
23 қараша 2026 |
21

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде шахматтан желілік спартакиада өтті. Жарысқа NIS мектептері мен International Steppe School of Astana, International Steppe School of Almaty және International Steppe School of Almaty-Nauryzbay by NIS мектептерінен 220 оқушы қатысты.

Турнир Lichess платформасында онлайн форматта ұйымдастырылды. Жас шахматшылар 5–6, 7–9 және 10–12-сыныптар бойынша үш жас санатында бақ сынады. Үш күнге созылған жарыста қатысушылар тоғыз тур ойнап, стратегиялық ойлау қабілетін, зейінділік пен ұтымды шешім қабылдау шеберлігін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

5–6-сыныптар арасында

Ұлдар:

1-орын – Арслан Казретов – ISS Astana

2-орын – Ерлан Аспарух – ISS Astana

3-орын – Эльсид Эльмурзиев – NIS Павлодар

Қыздар:

1-орын – Адия Салипова – ISS Astana

2-орын – Айгерим Саманова – ISS Astana

3-орын – Диана Мұратқали – ISS Almaty

Командалық есеп:

1-орын – ISS Astana

2-орын – ISS Almaty

3-орын – NIS Қостанай

7–9-сыныптар арасында

Ұлдар:

1-орын – Алдияр Жарас – NIS Алматы-Медеу

2-орын – Нурасыл Халик – NIS Алматы-Наурызбай

3-орын – Ахмедияр Мұхтарұлы – NIS Шымкент-Қаратау

Қыздар:

1-орын – Айдана Абужарова – NIS Астана

2-орын – Мунира Рау – NIS Павлодар

3-орын – Талап Ақсындар – NIS Ақтау

Командалық есеп:

1-орын – NIS Алматы-Наурызбай

2-орын – NIS Алматы-Медеу

3-орын – NIS Павлодар

10–12-сыныптар арасында

Ұлдар:

1-орын – Мадияр Алтынбекұлы – NIS Қарағанды

2-орын – Санжар Амангелді – NIS Орал

3-орын – Рамзан Байдаулетов – NIS Қостанай

Қыздар:

1-орын – Еркеназ Қажиахметова – NIS Қарағанды

2-орын – Ақсезім Біләл – NIS Астана

3-орын – Аруана Успанова – NIS Орал

Командалық есеп:

1-орын – NIS Қарағанды

2-орын – NIS Орал

3-орын – NIS Семей

Шахматтан өткен желілік спартакиада еліміздің әр өңіріндегі оқушылардың басын қосып, өзара бақ сынасуына мүмкіндік берді. Жарыс барысында жас шахматшылар шеберліктерін шыңдап, тәжірибе жинақтады. Мұндай сайыстар оқушылардың шахматқа қызығушылығын арттырып, тапқырлыққа, сабырлылыққа және қарсыласын құрметтеуге баулиды.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-