Жаңалықтар
NIS-те республикалық олимпиаданың желілік кезеңінің жүлдегерлері анықталды
11 ақпан 2026
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7–8-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың желілік кезеңі өз мәресіне жетті.
Желілік кезеңге еліміздің барлық өңірлеріндегі Зияткерлік мектептерден 985 оқушы қатысып, жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша білім деңгейі мен дайындық сапасын сынға салды.
Нәтижесінде 430 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды. Атап айтқанда, 1-орынды 69 оқушы, 2-орынды 153 оқушы, 3-орынды 208 оқушы иеленді. Сондай-ақ 35 қатысушы грамотамен марапатталды.
Желілік кезеңнің қорытындысы бойынша республикалық деңгейде өтетін білім бәсекесіне қатысатын үміткерлер айқындалып, тиісті тізім қалыптастырылады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің толық тізімі төмендегі сілтемеде жарияланған: